Біздің ассортиментте ең танымал қатпарлы самсаның үш түрі бар. Құрамы: үгілмелі қамыр, тауықтың сүбе еті, пияз, тұз. Дайындау тәсілі: дайындау алдында самсаны пергамент қағаз төселген қаңылтыр табаға қойып, жылы жерде 1 сағатқа қалдыру қажет. Егер уақыт жоқ болса, самсаны 20 градусқа дейін қыздырылған тұмша пеште 15 минутқа қоюыңызға болады. 15 минуттан кейін тұмша пешті ашпастан, градусты 180-ге дейін ұлғайтыңыз, 25 минут пісіріңіз. Дайындығына 10 минут қалғанда көпіршітілген жұмыртқа сарысын жағыңыз. 1 килограмда: 15 данаға дейін. Сақталу мерзімі: дайындалған күнінен бастап 2 ай. Дайындалған күні жапсырмада көрсетілген.